Бокс: Бекзат Нұрдәулетов Олимпиадаға іріктеу турнирін жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол алғашқы айқасын Жаңа Зеландия өкілі Жером Помпеллонеге қарсы өткізді. Аса тартысты жекпе-жекте ің қорытындысында төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, Ғалымбек Кенжебаев баптап, бастап барған сегіз боксшының екеуі алғашқы айқастарын жеңіспен аяқтап, келесі айналымға өтті.

Осыған дейін 63 келі салмақта Зәкір Сафиуллин шаршы алаңға шығып, алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткені туралы жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов өткен жылдың қыркүйек айында Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан өткен әлем чемпионатында жасындай жарқырап, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінген болатын.

Онда ол жартылай финалда 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төрешілердің шешімімен төрт дүркін әлем чемпионы және Рио-2016 Олимпиада чемпионы кубалық Хулио Сесар ла Крустан басым түсті. Тіпті, екінші раундта Нұрдәулетов қарсыласын нокдаунға жібергені де есімізде.

Сондай-ақ, бүгін кешкі сессияда тағы бір боксшымыз 75 келі салмақта Әбілхан Аманқұл Олимпиада жолдамасына таласты бастайды.


Соңғы жаңалықтар