Бокс: Батыр Жүкембаевтың қарсыласы ауысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық нокаутер Батыр Жүкембаевтың Канадада өтетін айқасындағы қарсыласы ауысты. Отандасымыздың қарсыласы виза мәселесіне байланысты Канадаға кіре алмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әу баста отандасымыз мексикалық Карлос Хименеспен қолғап түйістіретіні хабарланған. Алайда мексикалықтың визаға байланысты мәселесі туындап, боксшы Канадаға кіре алмай қалған. Оның орнына Жүкембаевпен басқа мексикалық - Хильберто Меса кездесетін болды.

Месаға қарсы айқас қазақстандық үшін 15-ші болайын деп тұр. Оған дейінгі 15 кездесудің бәрін де (12-сін нокаутпен) Батыр жеңіспен аяқтаған еді. Хильберто Меса осыған дейін 16 кездесу өткізіп, оның бесеуінде қарсыластарына есе жіберген.

Алдағы айқастың тікелей трансляциясын «Хабар» арнасынан 17 наурыз күні сағат 08.00 уақытында көруге болады.

Еске сала кетсек, Батыр соңғы кездесуін Канаданың Квебек провинциясындағы Centre Videotron аренасында өткізген болатын. Ол мексикалық танымал боксшы Патрисио Мореномен (20-2, 14 КО) шығып, он раундқа есептелген жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Жүкембаев танымал қарсыласын 7-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Енді Батырдың жеңістерінің саны 14-ке жетті, ал қарсыласы карьерасында үшінші рет жеңілген.

Соңғы жаңалықтар