Бокс: Азия чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Азия чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан құрамасының толық құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия чемпионаты 16-26 сәуір күндері Таиланд астанасы - Бангкок қаласында өткізіледі. Құрлықтық додада Теміртас Жүсіпов (49 келі), Әнуар Мұзапаров (52 келі), Қайрат Ерәлиев (56 келі), Закир Сафиуллин (60 келі), Санатәли Төлтаев (64 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Бек Нұрмағанбет (81 келі), Василий левит (91 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.

Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалым Кенжебаевтың айтуынша, 69 және 75 келі салмақтағы боксшылардан өзгесінің барлығы - еліміздің біріншілігінде чемпион атанған жігіттер. Бұрын 69 келіде Абылайхан Жүсіпов бақ сынаса, 75 келіде Әбілхан Аманқұл негізгі боксшы болып саналады. Олар бұдан бұрынғы жарыстан алған жарақатынан толық айыққан жоқ.

Азия чемпионатына еліміздің тәжірибелі былғары қолғап шеберлері барады деп жоспарланып отыр. Бұл боксшылар талай жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап келеді.

Соңғы жаңалықтар