БОКС: «Astana Arlans»-«USA Knockouts» кездесуі тікелей эфирде көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 ақпан күні Қарағандыда Дүниежүзілік бокс топтамасы аясында қазақстандық «Astana Arlans» пен Американың «USA Knockouts» командалары кездеседі.

«Хабар» телеарнасы бұл жұдырықтасуды тікелей эфирде көрсетеді, оның басталуы сағат 17:55-ке жоспарланған.

Қазақстандық команданың маусым басында үш рет жеңіске жетіп, В тобында американдықтармен бірінші орынды бөлісіп отырғанын атап өту керек, деп хабарлайды sports.kz.

Соңғы жаңалықтар