+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Бокс: Әлемнің бұрынғы чемпионы қарсыласының қабырғасын сындырды

2021 жылғы 17 қазан 10:13
Бөлісіңіз:
Бокс: Әлемнің бұрынғы чемпионы қарсыласының қабырғасын сындырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британдық боксшы кіші Крис Юбэнк (30-2, 22 КО) туған жері Ньюскалда Армениядан шыққан неміс боксшысы Ваник Авдиянға (28-1, 11 КО) қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Головкин орта салмақтың патшасы атанды Геннадий Головкин алдағы жоспарларымен бөлісті Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық айқасы және жоспары туралы айтты

Орта салмақтағы боксшылар жекпе-жегі он раундтан тұруы тиіс болған, бірақ Юбэнк жекпе-жекті бұрын аяқтады. Жұдырықтасу кезінде қабырғасы сынған Авдиян бесінші раундқа шығудан бас тартты.


Осылайша, Крис Юбэнк кәсіби мансабында 31-ші жеңісіне (соның 23-і нокаутпен аяқталған) қол жеткізсе, Авдиян екінші рет жеңіліс тапты.
Еске сала кетсек, бұған дейін Юбэнк қазақстандық чемпион Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) талай рет жекпе-жекке шақырп келеді. Британдық спортшы WBA нұсқасы бойынша әлемнің «уақытша» чемпионы болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT