БОКС: Александр Поветкин WBC рейтингі бойынша бірінші орынға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік боксшы Александр Поветкин Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) ақпан айындағы рейтингінде суперауыр салмақта бірінші орынға шықты, деп жазады "Р-Спорт".

Бұған дейін тізімде екінші болған Поветкин 24 қазанда Мәскеуде өткен соңғы жекпе-жегінің 10-шы раундында Камерун боксшысы Карлос Такамды нокаутқа жіберіп, WBC Silver атағын жеңіп алған.

Boxingscene мәліметтерінше, Поветкин WBC чемпионы, американдық Деонтей Уайлдермен айқасу мүмкіндігіне қол жеткізуге шақ қалды. Бұған дейін Уайлдермен жекпе-жекке шығуға міндетті үміткер америкалық Брайан Дженнинге болған, алайда спортшы бұл атақтан Украина боксшысы Владимир Кличкомен жекпе-жекке шығу үшін бас тартқан. Рейтингтегі екінші орында кубалық Майк Перес тұр.

Соңғы жаңалықтар