Бөкей ордасында белгілі балуан-жаттықтырушы Ж.Жәрдемовтің жүлдесі үшін қазақ күресінен дәстүрлі жарыс ұйымдастырылды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы кентінде КСРО спорт шебері, ҚР спорт қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұбаныш Жәрдемовтің жүлдесі үшін қазақ күресінен 1993-1995 жылғы жасөспірімдер арасында жарыс өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған турнирге Орал қаласы мен облыс аудандарынан жүзге жуық жас балуан қатысып, бағын  сынады. Ж.Жәрдемов өзі кезінде балуан ретінде талай додаларға қатысып қана қоймай, көптеген спортшыларды дайындап шығарды. Спорт қайраткері Хан ордасы кентінде туып-өсіп, осындағы Жәңгір хан атындағы мектепте білім алған. Мектепте бүгінгі таңда аудандық спорт мектебінің филиалы - қазақ күресі бөлімі жұмыс жасауда. Аталмыш жарысқа осы мектептен де балуандар қатысты.

Жарыс қорытындысында  Н.Фазылов (Орал қаласы), М.Ғазезов (Бөкей ордасы), Д.Шамғонов (Қазталов), Е.Фазылов (Орал), Д.Мерешев (Қазталов), Н.Мәдениетов (Ақжайық), Е.Хамзин (Қазталов), Ж.Қасымов жеңімпаз атанды. Ал 66 келіден астам салмақта үздік шыққан бөкейордалық Р.Әменов жарыстың түйе палуаны атағын қоса иеленді. Барлық жеңімпаз, жүлдегерлер кубок, медальдар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар