Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры пара берді деген күдікке ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру мәселелерін оң шешу және жалпы қамқорлыққа ие болу үшін 5 мың АҚШ долларын берді деген күдікке ілінді», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының үстінен де пара алды деген күдік бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Аталған қылмыстық іс бойынша шешімді сот шығарады.



Соңғы жаңалықтар