+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

«Богатырь Көмір» ЖШС қоршаған ортаны қорғауға 2 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады

2019 жылғы 4 қараша 15:00
Бөлісіңіз:
«Богатырь Көмір» ЖШС қоршаған ортаны қорғауға 2 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - «Богатырь Көмір» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды орындауға 2019 жылдың 9 айында 1 956 562,8 мың теңге жұмсады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда полипропилен қапшықтар өндіретін кәсіпорын іске қосылады Көкшетауда жоғары технологиялық жаңа диірмен кешені ашылды Қазақстанда киім өндірісі 7,5 пайызға артты

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Богатырь Көмір» ЖШС техникалық директордың орынбасары Наталья Шулаева мәлім етті. - Табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру барысында жылдық жоспар бойынша 983 655 теңге болуы тиіс еді, - дейді Наталья Шулаева. - Бірақ біздің кәсіпорын қоршаған ортаны қорғауға 9 ай ішінде 2 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады. Экологиялық тиімділік, яғни қоршаған ортаға эмиссиялардың азаю көрсеткіші 27 486 695,1 мың тоннаны құрайды. Сондай-ақ, кен өндіретін орындарда көмірді экскавациялау, роторлы экскаваторлардың қазба жұмыстарды жүргізу барысында шаңды басуға 73 334,6 мың теңге жұмсалды.

Спикердің айтуынша, аталмыш кәсіпорын кеніштердің автожолдарында шаңды басуға шахталы суларды пайдаланады. Сол себепті, ластаушы заттардың шығыны 2,84 тоннаға азайды. Сонымен қатар, экскаваторлық төгулерді оқшаулау және үйінділердің жабындысын инертті жыныстармен тығыздау жұмыстары жүргізіледі. Шараны орындау барысында 55 258,1 мың теңге жұмсалды. - Суландырылған ұңғымаларда жұмысты жүзеге асыру ауаға таралатын ластауыш заттар көлемін азайтуға мүмкіндік береді, - деді Наталья Шулаева. – Бұл 120,4 тоннаны құрайды. Оған қоса, бұрғылау білдектерінің шантұтушы жүйелерін жөндеу қарастырылды. Оған кететін шығын 8 222,9 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, 3 және 5 учаскелерінің шекараларында уақытша ішкі үйінділерде аршу жұмыстарын жүргізу қамтамасыз етілді. Қазылған кеңістікті қалау бойынша «Северный» және «Богатырь» кеніштерінің ішкі үйінділеріне аршыма тау жыныстарын орналастыру көлемін 27 486 543,72 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді. Бұл шараға 1 806 892,8 мың теңге жұмсалды.

Наталья Шулаеваның сөзіне қарағанда, өндіріс пен тұтынудан келетін қалдықтармен ластануды алдын алу шарасына 8 132, 86 мың теңге жұмсалды. Ландшафттық саналуандылықты қолдау, өндірістік алаңдарды көгалдандыру, ағаш қорын күтуге жұмсалған қаражат 3 631,6 мың теңгені құрайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT