+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

«Boeing-767» ұшағының Атырауға шұғыл қону себебі белгілі болды

2021 жылғы 24 қыркүйек 11:53
Бөлісіңіз:
«Boeing-767» ұшағының Атырауға шұғыл қону себебі белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадан Ыстанбұлға ұшып шыққан «Boeing-767» ұшағы Атырау халықаралық әуежайына техникалық себепке байланысты шұғыл қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
20 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі АҚШ-та 21 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады Атырауда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

«23 қыркүйек күні сағат 21-35-те Атырау халықаралық әуежайына «Boeing-767» ұшағы мәжбүрлі түрде қонды. Себебі – жанар-жағармай жүйесіндегі техникалық ақау. Борт Нұр-Сұлтан-Ыстанбұл бағытында ұшып бара жатқан. Ұшақ Эйр Астана әуе компаниясына тиесілі», - деп атап өтеді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Ұшақ бортында 205 жолаушы, оның ішінде 5 бала және экипаждың 5 мүшесі болған. 4 жолаушы Атырау қаласында тұратын туыстарының үйіне барса, 2 жолаушы басқа ұшақпен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кеткен. Ал қалған 199 жолаушы «Sulo Hotel» қонақ үйіне орналастырылған.

«Ұшақты техникалық қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 24 қыркүйек күні сағат 14-00-де «Boeing-767» ұшағының Ыстанбұл қаласына ұшып шығуы жоспарланған», - деп атап өтеді ведомстводан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT