+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Boeing 737 Max лайнерін жасауды тоқтатты

2019 жылғы 17 желтоқсан 07:46
Бөлісіңіз:
Boeing 737 Max лайнерін жасауды тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boeing авиакомпаниясы 2020 жылдың қаңтарынан бастап 737 сериялы Max авиалайнерін өндіруді тоқтататынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде ұшақ әуеге көтеріле бере жерге құлады Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына ұшып келу де, ұшып шығу да мүмкін болмай тұр Елорда әуежайында бірқатар рейстің ұшуы кешіктірілуде

Соңғы екі әуе апатына байланысты ұшақты пайдалану тоқтатылғанына қарамастан Boeing 737 Max лайнерін шығарып келді.

Былтыр қазан айында Индонезияда Lion Air әуе компаниясына тиесілі осындай ұшақ апатқа ұшырап 189 адам қаза тапты. Биыл наурыз айында Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының осындай модельдегі ұшағы апатқа ұшырап, 157 адам көз жұмды. Екінші апаттан соң компания ұшақтың осы түрін пайдалануды тоқтатты.

Қазан айында Boeing 737 Max ұшағы жыл аяғына дейін ұшуын жалғастырады деп мәлімдеген, алайда өткен аптада АҚШ-тың Федеральдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) лайнердің ұшуын 2020 жылдың басына дейін мақұлдамайтынын жеткізді.

Компанияның акциясы дүйсенбі ұшақ моделін өндіру тоқтатылады деген сыбыс шыққаннан соң 4,5% төмендеді.

Компания мәлімдемесінде 400 737 Max моделіндегі лайнер бар екенін айтылған. Осы ұшақ түрін жасаушы қызметкерлер уақытша басқа жобаға жіберіліп, бірқатары «737-ге қатысы бар» жұмысқа тартылады, делінген Boeing мәлімдемесінде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT