Бөдене өсіріп, бөркін аспанға атты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда бөдене өсіріп, шағын кәсіпкерлікпен айналысып өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдар баршылық. Соның бірі қала тұрғыны Фарид Османов.

Оның айтуынша, бөдене бағу - табысты іс және көзін тапсаң тіпті, байып та кетуге болады. Құс бағудың азабы қара мал баққаннан әлдеқайда жеңіл. Әрі жем-шөпті оншалықты көп қажет етпейтін бұл құсты асырау үшін тек жылы қоражай мен әрқилы дәрумендер және инкубатор қажет. Тіпті, ол үшін кәдімгі кішкентай тұрмыстық инкубаторларды пайдалана беруге болады.

«Бұл шаруамен айналыспас бұрын алдымен бөденені не үшін, кім үшін өсіретініңізді анықтап алуыңыз керек. Егер сапалы бөдене етін өндіруге ықыласыңыз ауса, онда калифорниялық тұқымға көшесіз. Ал жұмыртқаның жайы бір басқа. Бұл ыңғайда ең қолайлысы жапон бөденесі. Жапондық бөдене 50-60 күннің ішінде жұмыртқалай бастайды», - дейді Фарид Усманов. Жыл сайын әр бөдене 300-ден астам салмағы 10-15 грамм болатын дәмді, денсаулыққа аса пайдалы жұмыртқа береді. Бөдененің әр жұмыртқасы 50 теңгеден. Сонда жүз бөдене жылына 30 мың жұмыртқа береді, яғни бұл 1млн. 500 мың теңге деген сөз. Балапаны екі айда жетіледі. Жүз бөдене өсіріп, етін сатсаңыз, жылына 300 мың теңге табыс табасыз.

Соңғы жаңалықтар