Боб Беннетт: Головкин мен Альварестің жекпе-жегі әлемдік бокс астанасында өтетіндігіне қуаныштымыз

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Невада штатындағы Атлетика комиссиясының атқарушы директоры Боб Беннетт Golden Boy Promotions ұйымдастырушыларының Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) айқасын Лас-Вегаста өткізу шешіміне байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Біз Оскар де ла Хойя мен Golden Boy Promotions-тің әлемдік айқас астанасы - Лас-Вегасты таңдап алғанына қуаныштымыз. Біз жанкүйерлер үшін, бокс үшін керемет жекпе-жек ұйымдастырамыз деп үміттенемін, - деді Беннетт.

Головкин мен Альварестің айқасы 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы «T-Mobile» аренасында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар