Боб Арум Геннадий Головкин мен Хильберто Рамирес жекпе-жегін ұйымдастырмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 сәуірде мексикалық Хильберто Рамирес (33-0, 24 КО) WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы ( 76,2 кг дейін) әлем чемпионы титулын армян, Германия өкілі Артур Абрахамнан (44-4, 29 КО) тартып алған жағдайда промоутері Боб Арум оның орта салмақтағы WBA/IBF/IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) кездесуін ұйымдастыруға барынша әрекет етуді көздеп отыр.

«НВО-мен мұндай мүмкіндікті талқылап жатырмыз, - деді Арум ESPN Deportesке берген сұхбатында. - Егер Рамирес Абрахамды жеңсе, ол Головкинмен және кіші Чавеспен кездесуі мүмкін».

Еске сала кетейік, Головкин 23 сәуірде америкалық Доминик Уэйдпен (18-0, 12 КО) кездеседі деп жоспарланған, деп хабарлады sports.kz.

Соңғы жаңалықтар