Blue Moon гауһар тасын 48,63 млн. долларға сатып алған адамның есімі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Женевадағы Sotheby's бәссаудасында Blue Moon гауһар тасын Гонконгта жылжымайтын мүлік саласындағы магнат Джозеф Лау сатып алды, деп хабарлайды Sky News телеарнасы.

Sotheby's бәссауда үйінің өкілдері гауһар тастың иесінің есімін атаудан бас тартып, сатып алушының Гонконгтан келген жеке топтамашы екенін ғана айтты. Алайда, бизнесменнің кеңсесінде Лаудың Blue Moon гауһар тасын ғана емес, бұған дейін алқызыл түсті Sweet Josephine гауһартасын да сатып алғанын растады.

Нақтыланғандай, Лау Blue Moon-ды жеті жасар қызына сыйлық ретінде сатып алған. Салмағы 12,03 карат Blue Moon гауһар тасы 48,63 млн. долларға сатылды. Бұл тас көгілдір түсті гауһар тастардың ең қанығы әрі тазалығы бойынша ең жақсысы болып есептеледі. Ол өз санатындағы тастардың арасында ең қымбаты болды.

Blue Moon 2014 жылдың қаңтарында Оңтүстік Африкадағы шахтада табылған алмаздан жасалды. Тасты Нью-Йоркте бедерлеуге жарты жыл уақыт кетті.

Forbes мәліметтеріне сәйкес, Лаудың дәулеті 9,8 млрд. долларға бағаланады.

Соңғы жаңалықтар