Bloomberg сарапшылары қаржы саласындағы әлемнің 50 ықпалды адамын атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Bloomberg сарапшылары қаржы саласындағы әлемнің 50 ықпалды адамын атады. Тізімге қаржы саласында беделді саясаткерлер, экономистер, орталық банк басшылары, бизнесмендер мен инвесторлар енді.

Рейтингте бірінші орынға Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй ие болды. Екінші орынды АҚШ президенттігіне үміткерлер Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп бөлісті.

Әлемдегі қаржы саласындағы топ-10 қатарына агенттік ҚХР төрағасы Си Цзиньпинь, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос, Германия канцлері Ангела Меркель, Еуропалық орталық банк басшысы Марио Драги, АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің басшысы Джанет Йеллен, инвестор Уоррена Баффетта пен бразилиялық федералдық судья Серджио Мороны қосты.

Тізімде АҚШ президенті Барак Обама жоқ. Рейтингті құрастырғанда Bloomberg бүкіл әлемдегі тілшілер қосынының журналистерінен өз кандидатураларын ұсынуды сұраған. Жүздеген есімнен аға редакторлар 50 адамды таңдады. 

Соңғы жаңалықтар