+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Блокпостағы көлік апаты: үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр

2020 жылғы 25 мамыр 15:28
Бөлісіңіз:
Блокпостағы көлік апаты: үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы блокпостағы жол апатынан тағы бір полиция қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавл жолдарында бейнебақылау жүйесінің көмегімен 4 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді Алматыда көпірден секірмек болған жігіт құтқарылды Астана күні қарсаңында ақмолалық полицейлер қызметтік көліктерге ие болды

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен ер адам есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері Ербұлан Сейдазым.

«Ербұлан Сейдазым планшетпен өтіп жатқан көліктерді тексеріп тұрған. BMW жүргізушісі бетонға соғылғанда, плиталардың бірі ұшып қызметкерге тиген. Тағы бір болжам бойынша, жүргізуші бірінші Ербұланды қағып, содан кейін, полиция көлімен соқтығысқан. Қызметкерге қатысты бірнеше болжам бар. Тергеу және экспретиза кезінде бәрі белгілі болады», - деп хабарлады полиция өкілдері.

Қазіргі таңда ол №7 қалалық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

Еске салайық, бүгін 25 мамырда таңғы сағат 05:26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші мас күйінде блокпостағы полиция көлігіне соғылды. Соның салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT