+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Блокпостағы көлік апаты: 3 лауазымды қызметкер жұмыстан босатылды

2020 жылғы 27 мамыр 10:22
Бөлісіңіз:
Блокпостағы көлік апаты: 3 лауазымды қызметкер жұмыстан  босатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 25 мамырда екі полиция қызметкері қаза тапқан Алматы облысындағы блокпостағы қайғылы оқиғаға Ішкі істер министрлігі тексеру жүргізіп, талдау жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы оқиға байланысты қызметтік тескеру жүргізілді, соның нәтижесінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен тоғыз қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.

Алматы қалалық ПД патрульдік полиция полкі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі К.Е. Сатаев, Алматы қаласы ПД Кадр саясаты бөлімінің бастығы, полковник О.С Мырзабеков, Жеке құрам инспекциясының бастығы, полиция полковнигі Ақылбеков қызметтерінен босатылды.

Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі М.А.Саттаровқа, Алматы қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі С.О. Көкрекбаевқа, Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі А.А Нашарбековқа ескерту жасалды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қанат Таймерденов қатаң сөгіс алды.

Сонымен қатар, ПД бастығының орынбасары Н.С Алмасбековке, баспасөз қызметінің жетекшісі С. Әзірбекке де қатаң сөгіс берілді.

«Әрбір басшы өз қарамағындағы қызметкерлерге жауап береді. Ол жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Алматы қаласының полиция басқармасында бұл жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған. Нәтижесінде біз бірден екі қызметкерден айырылдық, бір қызметкер ауыр жарақат алды. Бұл барлығымыз үшін, әсіресе туған туыстары үшін орны толмас қайғы. Сондықтан осы төтенше жағдайдың орын алуына жол берген бірқатар басшыға тиісті шаралар қабылданды. Ішкі істер министрлігінің басшылығы қызметтік тәртіпті сақтауды қатаң талап етуді, полиция қызметкерлерінің кез-келген бұзушылықтарына принципті баға беруді және жаңа талап бойынша жұмыс істегісі келмейтін немесе жұмыс істемейтіндердің қатарын тазартуды талап етеді «, - деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 25 мамыр күні таңға жуы № 4 блокпоста болған. BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып барып, инерциямен патрульдік полиция көлігін соққан. Соның кесірінен екі полиция қызметкері көз жұмды.

Үшінші полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Апатқа кінәлі жүргізуші бұрын полицияда жұмыс істеген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT