Блокпоста темекі түрінде пара алған Ақтөбе қаласының полиция инспекторы ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полициясының рота қызметінің инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған тұлға ағымдағы жылдың 30 мамырында Ақтөбе қаласының шыға берісінде орналасқан «№4 Магистраль» блокпостан арнайы рұқсат қағазсыз кедергісіз жүру үшін жеңіл көлік жүргізушісінен құны 10 800 теңге болатын «Парламент» темекісінің екі блогы түрінде пара алған«, - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Оның айтуынша, полиция инспекторының кінәні толық мойындауына байланысты тұтқындалған жоқ.

»Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды«, - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар