+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Блокпоста көз жұмған 2 полицейдің артында жары мен балалары қалды

2020 жылғы 25 мамыр 09:53
Бөлісіңіз:
Блокпоста көз жұмған 2 полицейдің артында жары мен балалары қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы облысы аумағындағы блокпоста болған көлік апатынан екі полицей көз жұмды, олардың артында жары мен балалары қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарас Сұлтанғазыұлы Жанғазиев 1978 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Тәжірбиелі маман. Құқық қорғау органдарында 2001 жылдан бастап қызмет етті. Артында жары мен екі қызы қалды.

Оның әріптесі полиция сержанты Дастан Маратжанұлы Әбдіканов 1994 жылы Алматы қаласында туған. Ол полицияда 2016 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, бір қыз тәрбиелеп отырған. Кішкентайы әлі қырқынан да шықпаған.

Еске салайық, бүгін таңғы сағат 05:26-да Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай шағын ауданында «BMW» маркалы автокөлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған А. есімді азамат Қожабеков көшесімен жүріп, Жаңа ғасыр көшесі қиылысындағы №4 блокпосты бұзып өткен. Ол алдымен бетон қоршауға соғылып, содан кейін инерциямен ішінде екі полиция қызметкері отырған патруль көлігіне соқтығысқан.

Өкінішке орай, патрульдердің бірі, полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев, алған ауыр жарақатынан жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмды.

Оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауруханада қайтыс болды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өз міндеттерін орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

«Блокпоста міндеттерін атқарған және ЖКО салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың отбасылары мен жақындарына қатты қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды Twitter-де Бақытжан Сағынтаев.

Қайтыс болғандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT