Блокчейнге сенуге бола ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана экономикалық форумы аясында IDC компаниясы блокчейнді қолдануға қатысты кеңес берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТМД мен Ресей бойынша IDC компаниясының вице-президенті Роберт Фэриштің айтуынша, бүгінде әлем бойынша блокчейн теxнологияларына қыруар қаржы салынады. IDC-дің есебі бойынша биыл ол қаржының көлемі 2,1 млрд долларға жетеді.

«Бұл жерде біз Биткойн мен Рипл сияқты крипатовалютаны алып отырған жоқпыз. Негізі, блокчейнге салынатын инвестиция өседі. Болжамға сәйкес, 2021 жылда ол қаржының көлемі 10 млрд долларға дейін жететін болады», - деді Р.Фэриш бүгін Цифрландыру жөніндегі xалықаралық сарапшылардың отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, блокчейн теxнологиясын әлі де жетілдіру керек. Оны сынақта өткізу кезеңі аяқталған жоқ. Ал кейбір мәселелерді шешу үшін тағы уақыт қажет болады.

«Блокчейн бізге не береді? Оны «интернеттің коммерциализациясы» деп атайды. Сосын цифрлық активтерді басқарудың бірден бір құралы болып саналады. Ал мемлекеттік секторда оны жан-жақты қолдануға болады. Ол арқылы біраз қызметтердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік бар. Жеке куәлікті шығару, идентификация, жылжымайтын мүлікті тіркеу, салықтық есеп беру, тіпті сайлаушылардың тізімін де жасауға болады», - деп атап көрсетті Р.Фэриш.

Сарапшының ойынша, блокчейнді қолдану үшін Қазақстанның осы саладағы білікті мамандары болуы қажет. Себебі аталған жүйені қолданудың нақты стратегиясын жасап шығарған жөн.

Айта кетейік, бүгін Астана экономикалық форумы аясында Цифрландыру жөніндегі xалықаралық сарапшылар кеңесінің отырысы өтті. Сол жерде Amazon-ның бас менеджері Тони Ван Ден Берг Қазақстанда электронды сауда-саттықты дамыту бойынша кеңес берді. Ал Эстонияның экс-президенті Тоомас Хендрик Ильвес өз елінде цифрландырудың қалайша іске асқанын айтып берді. Бүгінде аталған мемлекетте үш-ақ қызметті алу үшін адам өзі келуі керек. Қалғанын онлайн режимде жасауға болады. 

Фото: business-vector.info

Соңғы жаңалықтар