+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Блок бекеттер арқылы зат беріп жіберуге бола ма

2020 жылғы 20 наурыз 13:55
Бөлісіңіз:
Блок бекеттер арқылы зат беріп жіберуге бола ма

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев блок бекеттердің жұмысы жайлы кеңірек түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Қызылорда облысында вакцина салдырғандар саны 131 мыңнан асты Ақтөбедегі өндіріс орны мен сауда үйінің жұмысшылары түгел вакцина салдырды ШҚО-дағы қонақ үй қызметкерлерінің 70 пайызы вакцина алған

Оның айтуынша, әзірге блок бекеттер арқылы зат алысуға болады.

«Мен осы жерде тұрғанда 60 жастағы адам келіп 80 жастағы анасына Талғар қаласына дәрі беруі керектігін айтып өтініш жасады. Бұл дәрілер сол жақтағы дәріханаларда жоқ екен. Мұндай жағдайда әрине, біз түсіністікпен қарап, тауарды беріп жібереміз», - деді ол.

Оның айтуынша, блок бекеттері арқылы белгілі бір себептермен қаладан тыс қалған балаларды да өткізуге болады.

«Тек қана балалар емес. Ересектер де бар. Мысалы, ауруханадан шыққан Алматы облысының тұрғындары өтіп жатыр. Яғни, 100 пайыз өткізбейді деген түсінік жоқ. Бекет арқылы өтпек болған әр адамның мәселесін жеке қарауға тырысып жатырмыз», - деді Жандос Мұраталиев.

Ал 22 наурыздан бастап қалаға кіріп-шығуға мүлде тыйым салынады. Сол уақыттан бастап шаралар күшейтіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT