+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Блогер Руслан Женпейісов 25 тәулікке қамауға алынды

2020 жылғы 15 сәуір 08:23
Бөлісіңіз:
Блогер Руслан Женпейісов 25 тәулікке қамауға алынды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте Руслан Жанпейісов есімімен белгілі блогер әкімшілік құқықбұзушылық үшін 25 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте жер үйдің қоймасынан дәрінің 229 түрі табылды

Шымкент қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, 12 сәуір күні Шымкент қаласындағы «Капал батыр» көпірінің жанындағы блокпостта полицейлер тоқтатқан көліктердің арасында «Opel» автомашинасы болған. Карантин кезінде қалада жүріп-тұруға рұқсат құжаттарын тексеру барысында жүргізуші Бибарыс Райымбеков (Руслан Жанпейісов есімімен танымал блогер) «Adil Stroi Project» ЖШС-да заңгер болып жұмыс істейтіні туралы анықтама ұсынған.

«Оның сөзінше, сол анықтама негізінде полицейлер оны кедергісіз өткізуі тиіс болған. Онымен бірге, анықталғандай, аталмыш ЖШС қазіргі уақытта қала ішінде ешқандай жұмыстар атқарып жатқан жоқ. Азаматтарға, соның ішінде ішкі істер органдарына заңды сақтау қажеттігін айтып жүретін блогер тексеріс барысында құқықтық тәртіпті бұзуға әрекеттенді. Ол құжаттар тексерілгеннен кейін де полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіруді жалғастырды. Видео жазып, әлеуметтік желілерде трансляция жүргізді. Солайша, олардың блокпосттағы жұмыстарына кедергі жасады», - деді полицияда.

Бибарыс Райымбековке қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-ыншы (Төтенше жағдай режимін бұзу) және 478-баптарына (Төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға әкеп соғатын әрекет жасау) сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.

«14 сәуір күні видеоконференция түрінде өткен сот процесінде ТЖ режимін бұзушыға 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу тағайындалды. Сондай-ақ сот анықтағандай, азамат Райымбеков төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты құқыққорғау органдары қызметкерлерінің тарапына өзінің наразылық сөздерін білдіріп, іс-әрекетімен құқықтық тәртіпті бұзуға әрекеттенді. Тікелей эфирдегі трансляцияда өзінің негативті пікірлерін білдіре отырып, төтенше жағдай режимі жарияланған елдімекенде қызметтік міндеттерін атқарып жатқан лауазымдық тұлғаларға қарсылық білдірді. Осыған орай, оған 25 тәулікке әкімшілік қамауға алу тағайындалды», - деді департаменттен.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT