Блогер Аршат Ораз праймеризге қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғам белсендісі, блогер Аршат Ораз праймеризге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Праймериз сайтындағы жаңалықтар:

- «Nur Otan» праймеризде дауыс беруге мәжбүрлегені үшін Түркістан облысының партия мүшелерін жазалады

- «Nur Otan» праймеризде дауыс беру ережесін бұзбақ болғаны үшін Ақмола облысының партия мүшелерін жазалады

- Праймериздің тағы бір қатысушысы сайлаудан шеттетілді

- «Nur Otan» праймеризінде онлайн дауыс беру мерзімі ұзартылды

Алғашқы күндегі жаппай дауыс берудің салдарынан сервер қиналғаннан кейін және интернеті қиын аймақтардағы учаскелерге келіп дауыс берудің пандемия кезіндегі қауіпсіздігі үшін тағы бір күнге дауыс беру ұзартылған екен.

Қазір жалпы 65% партия мүшесі дауыс беріпті. Тағы 1 күн барын ескерсек, бұл сан әлі өседі.

Ережеге сай келмегендерді де шеттетіп жатыр екен. Соған қарағанда бәрін дұрыс қадағалап отырса керек», - деп жазады Аршат Ораз желідегі парақшасында.


Соңғы жаңалықтар