БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жаңа басшы
2022 жылғы 16 тамыз 12:50

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жаңа басшы

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Конкурстық комиссияның шешіміне және меритократия қағидаттарына сәйкес Алпамыс Жаңабайұлы Көшкінбаев БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алпамыс Көшкінбаев 1984 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Көпжасар ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «математика» және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтаған.

Әр жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқытушысы, Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы, тілдерді дамыту секторының бас маманы, БҚО ішкі саясат басқармасы саяси партиялармен жұмыс бөлімінің жетекші маманы, ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы болды.

Сондай-ақ, Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мәдени-ағарту бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры, Бөрлі ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі, Бөрлі ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

Күні бүгінге дейін Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын жазған болатынбыз.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT