БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ОРАЛ. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Кемел Ермекұлы Сәдбеков Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 12 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа басшыны ұжымға таныстырды.

К.Сәдбеков 1968 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы-экономист) бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Қазталов ауданының Бостандық ауылында жұмысшы болып бастаған.

1992-1994 жылдары - сол ауылдағы ұжымдық кәсіпорын шеберханасының техник-нормалаушысы.

1994-1995 жылдары - сол кәсіпорын директорының орынбасары.

1995-1998 жылдары - кәсіпорын жанындағы кәсіподақ комитетінің төрағасы.

1998-1999 жылдары - Қазталов аудандық жұмыспен қамту орталығының мемлекеттік инспекторы, Қазталов аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің аға маманы.

1999-2002 жылдары - Қазталов ауданы әкімі аппаратының аға маманы, бөлім меңгерушісі.

2002-2005 жылдары - Қазталов аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі.

2005-2009 жылдары - Қазталов ауданы әкімінің орынбасары.

2009-2012 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары жөніндегі бөлімінің аға инспекторы.

Биылдан бастап Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының міндетін атқарушы.

Соңғы жаңалықтар