БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ардагерлер ұйымының қорына біркүндік жалақыларын аудармақ

None
None
ОРАЛ. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Биыл елімізде ардагерлер қозғалысының құрылғанына 25 жыл толады.

Осы маңызды оқиғаға орай Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұжымы бір күн­дік жалақыны облыстық ардагерлер ұйымының қорына аудару жөнінде бастама көтерді.

Ұжым жиналысында бастаманы қолдау жөнінде шешім қабылданды. Басқарма басты­ғы Кемел Сәдбековтың айтуынша, бұл шара ардагерлер ұйымын қолдауға бағытталған. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында қоғамдық ұйымның қызметін, Ұлы Отан соғысының жеңімпаздарын материалдық тұрғыдан көтермелеу - әрбір азаматтың абыройлы борышы.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма­сының ұжымы игі бастаманы облыстың мекеме-ұйымдары, кәсіпорындары қолдап, облыстық ардагерлер ұйымы өңір тұрғындарынан нақты көмек алатынына сенімді.

Соңғы жаңалықтар