БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы келді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Медет Махамбетұлы Шақаев Батыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Медет Шақаев 1985 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008 жылы Атырау мұнай және газ институтын тәмамдаған.

Әр жылдары «Орал жолдары» АҚ-да шебер, инженер, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, бүгінге дейін басшының орынбасары қызметтерін атқарды.

Айта кетейік, бұрын осы қызметті атқарған Марат Қуаншалиев «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры болып ауысқан еді.

Соңғы жаңалықтар