БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жаңа басшы келді
БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Берік Абатұлы 1977 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі дәрежесі бар.
Әр жылдары «Құрмет» ЗЖҚ БҚО филиалының зейнетақы қоры жөніндегі маманы, аймақтық директоры, өңірдегі түрлі кәсіпорында басшылық қызметте болды.
Сондай-ақ Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары, осы ауданның әкімі, БҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, 2017 жылдан БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО білім басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын жазған болатынбыз.