БҚО: «Жасотандықтар» «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қарияларға қолұшын созды (ФОТО)

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Соңғы кезде Батыс Қазақстан облысында қардың көп түсіп, боран соғып, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен жалғызілікті қарияларға қолұшын созуда.

«Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалынан түскен мәліметке қарағанда, «жасотандықтар» жеке тұрғын үйлерде тұратын майдангерлердің аула-қорасын қардан аршып, азық-түліктерін жеткізіп беруде. Күні бүгінге дейін барлығы 52 ардагерге жәрдем берілсе, соның бесеуі - ҰОС қатысушысы, жетеуі - тыл еңбеккері, қалғаны - жалғыз басты қариялар.

Мұндай жұмыстар қысы-жазы жүргізіліп келеді. Еріктілер ардагерлерді мереке кезінде құттықтап, қажеттілігіне қарай көмектерін көрсетеді. Бұл шара Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ерекше мәнге ие болып отыр.

Соңғы жаңалықтар