«БҚО жас ғалымдар кеңесі» үздіктер қатарынан көрінді

None
None
ОРАЛ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы «БҚО жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық бірлестігі ҚР Бірінші Президентінің қоры еліміздегі ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдарындағы жас ғалымдар кеңестері арасында жариялаған байқауда үздіктер қатарынан көрінді.

Бірлестік төрағасы Нұрхат Жәкиевтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, батысқазақстандықтар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Д.Қонаев атындағы тау-кен ісі институты жас ғалымдар кеңестерімен бірге жеңімпаз атанып, 750 мың теңге грантты ұтып алды. Бұл ретте осы кеңестердің соңғы үш жылдағы қызметі, олардың белсенділігі мен іс нәтижесі және жүзеге асырылған жобалардың жаңашылдығы мен өміршеңдігі есепке алынды.

«БҚО жас ғалымдар» кеңесі алдағы жылы да өз жұмысын өрістетіп, түрлі шараларды ұйымдастыруды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар