БҚО: жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 2 желтоқсан күні БҚО соттарының жалпы отырысында жуырда Елбасы Жарлығымен Орал қалалық №2 сотының судьясы болып тағайындалған Арман Назаров пен Раушан Исабекова салтанатты түрде ант қабылдады.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сонымен қатар облыстық сот жанындағы қоғамдық кеңестің оң қорытындысын алған судьялықтан он үміткерлердің кандидатуралары заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сай облыстық соттың жалпы отырысында талқыланып, барлық үміткерге оң қорытынды берілді.

Облыстық сот төрағасы Бек Әметов ант қабылдаған судьялар мен жалпы отырыстың оң қорытындысын алған үміткерлердің алдағы қызметтеріне табыс тіледі.

Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең ауылында дүниеге келген Арман Назаров осыған дейін Қаратөбе аудандық сотында пристав, кеңсе меңгеруші болып еңбек еткен.

Батыс Қазақстан облысының түлегі Раушан Исабекова Алматы қаласындағы Әуезов аудандық сотының бас маманы - сот мәжілісінің хатшысы, кейін Алматы қалалық сотында дәл осындай қызмет атқарған.

Соңғы жаңалықтар