БҚО: Зеленов ауданындағы тоғыз ауылда газбен қамту қалпына келтірілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгінгі жергілікті сағат 17.15-тегі жағдай бойынша Зеленов ауданының тоғыз ауылында да газбен қамту қалпына келтірілді.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Железнов, Зеленый елді мекендерінде ауылішілік газ желілерін қосу жұмыстары атқарылуда.

Айта кетейік, Зеленов ауданы аумағында магистральды газ құбырындағы өрт салдарынан кеше осы ауданның тоғыз, көршілес Тасқаланың үш ауылы газсыз қалған болатын. Тасқала ауданы елді мекендеріне газ кеше түсте қосылды.

Соңғы жаңалықтар