+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

БҚО ювеналдық соты карантинге жабылды

2021 жылғы 23 ақпан 16:31
Бөлісіңіз:
БҚО ювеналдық соты карантинге жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жұмыс жасайтын үш адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында карантин шаралары жұмсарды СҚО-да балалар ойын-сауық орталықтары мен аквапарктің жұмысына рұқсат берілді Карантин: Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, ауырғандармен қарым-қатынаста болған мамандардан ПТР әдісімен COVID-19 тест алынды, сынама тексерілуде.

Коронавирус жұқпасы анықталған жұмыс орнына қорытынды дезинфекция жасалып, инкубациялық кезең аяқталғанға дейін карантинге жабылды.

Індет басталғаннан бері облыста 12622 адам дертке шалдығып, соның 10212-сі жазылып шықты.

БҚО сотының баспасөз қызметі де ювеналдық сотқа 22 ақпаннан бастап 2 наурызға дейін карантиндік шаралар енгізілгенін хабарлады.

Осы мерзімде ювеналдық соттың жұмысы толығымен тоқтатылады. Оған СЭС қызметкерлерінен басқа адамдардың бәріне келуге тыйым салынады. Осы кезеңге қарауға тағайындалған істер кейінге қалдырылды, олардың күні мен уақыты қатысушыларға қосымша хабарланады.

Ювеналдық сот карантиндік шаралардан кейін өз жұмысын қайта жалғастыратын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да медицина қызметкерлерін коронавирусқа қарсы екінші қайтара егу басталғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT