БҚО ветеринария басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Қазбек Қазиханұлы Тәшімов БҚО ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Өңір басшысы оны басқарма ұжымына таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Қ.Қ.Тәшімов 1980 жылы Тасқала ауданында дүниеге келген. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін еңбек жолын 2002 жылы Тасқала ауданында бастап, түрлі қызметтер атқарды. 2013 жылдан БҚО ауыл шаруашылығы басқармасында бөлім басшысы болды. Биылғы 17 ақпаннан БҚО ветеринария басқармасының басшысы міндетін атқарды.

Соңғы жаңалықтар