БҚО ұстаздары Астананың атауын өзгерту туралы тарихи шешімді қолдайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына сіңірген еңбегін ештеңемен салыстыруға болмайды. Бұл пікірді zhaikpress.kz сайтында Батыс Қазақстан облыстық оқыту-әдістемелік кабинетінің ұжымы білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол елді қиын-қыстау кезеңдерде неше түрлі тығырықтар мен сын-тегеуріндерден алып шықты. Өзінің сарабдал саясаты мен адами қасиеттері, тұлғалық шеберлігінің арқасында елдің тұтастығын сақтап қалды және көшбасшылық болмысымен бүгінгі күні Қазақстанды әлемге танытты»,-дейді оқыту-әдістемелік кабинетінің ұжымы.

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, жылдан-жылға қай салада болса да даму үстіндеміз. Болашаққа деген сеніміміз нық болып, алға айқын мақсаттар қойылды. Әсіресе білім саласындағы өзгерістер - өскелең ұрпақтың болашағы үшін жасалған Елбасының болашақты болжаудағы көрегендігі!

Қазақ елінің әлемдегі өркениетті елдердің қатарында болып, қазақ халқының білімді, озық ойлы, ғылымды меңгерген ұлт болуы үшін стратегиялық бағдарламалар ұсынып, олардың жүзеге асырылу жолдарын нақтылап берді. Ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтарымызды сақтаудың маңызын назардан тыс қалдырмады. Қазақстан халқының әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасының артуына әрқашан көңіл бөлген Елбасы халықпен біртұтастығын көрсетіп, елдің қамын ойлаған азаматтығын айқындайды.

«Қазақстанның кемел келешегіне, берік болашағына сенген Елбасының Астана қаласының салынуына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз! Сондықтан да, елін сүйген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға, қазақ еліне, ұрпақ болашағына сіңірген еңбегіне құрмет көрсетудің үлгісі ретінде Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп ауыстыру туралы шешімді Батыс Қазақстан облысының барлық ұстаздары қолдайды!»,-деген ойларын ортаға салды ұстаздар қауымы.

Соңғы жаңалықтар