БҚО: үкіметтік емес ұйымдар жобаларын қолдауға 350 млн. теңге жұмсалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын өсіп келеді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалық етуімен өткен үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық кеңес отырысында айтылды.

Өңір басшысының атап өткеніндей, Елбасымыз бен мемлекет және жергілікті билік орындары тарапынан үкіметтік емес ұйымдар қызметін жандандыра түсуге ұдайы көңіл бөлінуде. Өткен жылы осы ұйымдар жұмысының 14 бағыты бойынша 126 жобаға 150 млн. теңге қарастырылса, биыл 156 жобаға 350 млн. теңге жұмсалды. Ең бастысы, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында тығыз байланыс орнап, ол өз жемісін беруде.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Махамбет Ихсанғалидың айтуынша, биыл басқарма 16 млн. астам теңге бөліп, 12 ҮЕҰ-мен жұмыс жасаған. Атап айтқанда, 2010 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан тіл инспекциясының іс-шара­сы ағымдағы жы­лы да жалғасып, 250 ны­санды қамтыды. Олар, әсіресе, халыққа қызмет көрсету орындарында мемлекет­тік тілдің қолдану аясын кеңейту мақса­тында іс-қағаздарын және бухгалтерлік есеп жүргізуге қажет­ті әдістемеліктер құ­растырып таратуда. Сондай-ақ «Бай­барақ Алаша», «Алтын тамыр», «Дәуір», «Жаңа толқын» қоғамдық бірлестікте­рі Батыс Қазақстанға қоса, Ресей­дің көрші­лес облыстарында бір­қа­тар іс-шара атқарды.

М.Ықса­нов атын­дағы қоғамдық қордың төраға­сы Асқар Атаевтың сөзіне қарағанда, қор биыл 11 жобаға қатысып, тек Мұстахим Ық­санов­тың атын ғана емес, өңірге танымал өзге де тұлғалардың өмірін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында жұмыстанды. Биыл облыс әкімі­нің қолдауымен Жәңгір хан атында­ғы БҚАТУ-дың құрылыс факультетінде М. Ық­санов атындағы шәкіртақы таға­йын­далып, машина жасау факультетінде аудитория ашылды.

Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы «Дос» қоғамдық қорының төрайымы Вера Шо­хинаның мәлімдеуінше, аталмыш ұйым өз жұмысын этносаралық қа­рым-қа­ты­нас­ты нығайтуға бағыттаған. Ді­ни, мәдени бір­лестіктермен бірге әр түрлі ұлттардың салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын насихаттап, сақтауға үлес қосып отыр. Со­нымен қатар Ресейдің көршілес облыстарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, достық шараларын ұйымдастырды. Генна­дий Франк төрағалық ететін «Нұр» балалар үйі түлектері­нің БҚО одағы да нәтижелі жұмыс тындырды. Әсіресе, түлектерді жұмыспен қамтуға барынша мән берілді.

Кеңес соңында облыс әкімі Нұрлан Но­ғаев үкіметтік емес ұйымдардың осы жыл­ғы жұмыстарын жоғары бағалап, бірқатар бірлестіктерді ал­ғысхатпен марапаттады. Сондай-ақ ҚР Тә­уел­сіздігі күніне орай ҚР Президентінің Жарлығы­мен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған «Зенит» зауыты» АҚ бас директорының бірінші орынбасары әрі бас инженері Виктор Грачевқа аталмыш марапатты, ал ҚХА-ның «Қоғамдық бірлік» ал­тын медалін облыстық ішкі саясат бас­қармасы­ның бөлім басшысы Жамал Их­санова мен «Казахстанская правда» газеті­нің БҚО бойынша меншікті тілшісі Людми­ла Коринаға табыс етті.

Соңғы жаңалықтар