БҚО тұрғыны жер алып беремін деген алаяққа 2 млн теңгесін ұстатып жіберген

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО тұрғыны жер алып беремін деген алаяққа 2 млн астам теңгесін ұстатып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, қазіргі кезде 43 жастағы алаяқ әйел ұсталып, ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне ( ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Орал қаласының тұрғынына барлығы 10 эпизод бойынша айып тағылып отыр. Ол бұдан бұрын да алаяқтық іс-әрекеттері үшін бірнеше рет істі болған.

Бұл жолы алаяқ әйел тұрғындарға жеке үй салу үшін жер телімдерін алып беремін деп алдаған. Соның ішінде Бөрлі ауданында тұратын әйел 2 млн астам теңгесін беріп жіберген.

БҚО полиция департаменті тұрғындарға делдалдармен күмәнді байланысқа түспей, жер телімдері туралы барлық мәліметті ресми көздерден алуға болатынын еске салады.


Соңғы жаңалықтар