БҚО тұрғыны киік мүйіздерімен қолға түсті

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының тұрғыны киік мүйіздерімен қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-дан мәлім еткеніндей, оқиға 18 қаңтар күні Жаңақала ауданы аумағында болды.

«Құқық қорғау органдары мен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында Жаңақазан ауылдық округіне қарасты Қарашеген қыстауынан 1981 жылғы тұрғыннан тінту барысында 18 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкін тәркілеумен бірге 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын киікті заңсыз аулап, мүйізін сақтағандар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін екендігін жазған болатынбыз.

Фото: instagram.com/ohotzooprom.kz


Соңғы жаңалықтар