БҚО тұрғыны 700 кг астам бекіре тұқымдас балықпен ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 700 кг астам бекіре тұқымдас балықпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 8 желтоқсан күні шамамен сағат 05.30-да Зачаган кентінде болды.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында Ақжайық ауданының 38 жастағы тұрғыны айдап келе жатқан «Тойота» автокөлігінің салонынан 400 келіден астам бекіре тұқымдас

балық шықты.

Сонымен қатар аталған кенттегі мекенжайды тексеру барысында 300 кг астам бекіре тұқымдас балық алынды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабына (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас

бостандығынан айыруға жазаланады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да газ ауа қоспасы жарылып, екі адамның күйік жарақатын алғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар