+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

БҚО тұрғыны 13 жасар балаға зорлық көрсетті деп айыпталуда

2019 жылғы 20 тамыз 18:51
Бөлісіңіз:
БҚО тұрғыны 13 жасар балаға зорлық көрсетті деп айыпталуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны 13 жастағы ер балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отыр. Күдікті екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Ер адамның 13 жасар балаға зорлық-зомбылық әрекетін жасағандығы туралы фактіні Ақжайық ауданы әкімінің міндетін атқарушы Тілекқабыл Ғабдушев растады.

«Иә, мұндай дерек тіркелді. Бірақ оған қатысты пікір білдіре алмаймын. Себебі тергеу шаралары жүріп жатыр», - деді Тілекқабыл Ғабдушев.

БҚО сотының баспасөз қызметіндегілер айыпталушы ҚР ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігіне (Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) сәйкес 2 айға қамауға алынғанын мәлім етті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT