БҚО тұрғыны 12 адамды 600 мың теңгеге отырғызып кеткен

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 12 адамды 600 мың теңгеге отырғызып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Қаратөбе ауданының 23 жасар тұрғыны өзінің танысын мемлекеттік қызметшінің тестілеу сынынан өткіземін деп алдаған.

Сөйтіп 21 жасар жігіттің сеніміне кіріп, сан соқтырып кеткен.

Полиция қызметкерлері мән-жайды тексеру барысында оның тағы осындай 11 қылмысқа қатысы бар екендігін анықтады.

Алаяқ жәбірленушілерге жүргізуші және мүгедектік куәлігін алып беру, құрылыс техникасын жалға беру қызметтерін ұсынған. Алайда азаматтарға ақша да қайтармаған, қызмет те көрсетпеген. Осылайша оларға 600 мыңнан астам теңгенің залалын келтірген.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында 4 адамның вахталық жұмысқа жалған вакцина паспортымен келгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда жоғалып кеткен 65 жастағы ер адамның денесі үш күннен кейін табылды.







Соңғы жаңалықтар