Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

БҚО театрында Мұқағалидың «Қош, махаббат» туындысы сахналанды

2018 жылғы 8 желтоқсан 23:49 771
Бөлісіңіз:
БҚО театрында Мұқағалидың «Қош, махаббат» туындысы сахналанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Мұқағали Мақатаевтың «Қош бол, махаббат» шығармасы бойынша қойылымның премьерасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астанада «Ләйлі-Мәжнүн» спектаклі сахналанады Арыстанбек Мұхамедиұлы Ресейдің Үлкен театрының басшылығымен кездесті

Спектакльді режиссер Самал Әбуов сахналаса, суретшісі - Қайыр Оразғалиев.

Қазақтың ұлы ақындарының бірі Мұқағали Мақатаевтың көзі тірісінде шығармалары сахналанбағаны белгілі. Тек өткен ғасырдың сексенінші жылдары Нұрқанат Жақыпбаев пен Райымбек Сейітметов «Дариға жүректі» жұртшылық назарына ұсынған болатын. Қазіргі кезде «Мен ұмытылмаймын», «Мұқағали-Фариза» спектакльдері қойылып жүр.

«Қош, махаббат» драмасын ақын «Ақ қайың» поэмасының негізінде жазып кеткен. Әрине, көлемді дүниені алып шығу оңай емес. Күні бүгін республикамыздың басқа да театрларында қойылып жүрген туындының Оралда да сахналанып жатқаны Мұқағали рухына тағы бір тағзым ету болса керек. 


БҚО театрында Мұқағалидың «Қош, махаббат» туындысы сахналанды

Спектакльде мәдениет саласының үздігі Хорлан Шамелова, Салауат Түменовпен қатар Айжан Қайырова,  Дарын Мұхтаров, Думан Омаров, Ақжол Ихсан, Әйгерім Сағаденова сынды жас әртістер де ойнайды.

Қойылым барысында жастардың бір-біріне деген адал сезімі, олардың жолына кедергісі болғысы келетін арам пиғыл иелері, ата-ана алдындағы парызды ұғыну да көрінеді. Жақсыдан үйрену, жаманнан жирену, адал махаббат құдіретін көрермендерге жеткізу үшін шығарманы әлі де ширықтыра түссе, тіпті жақсы болар еді.


БҚО театрында Мұқағалидың «Қош, махаббат» туындысы сахналанды

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT