БҚО: Тауарды уақтылы жеткізбеген серіктестік жосықсыз қатысушы деп танылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Дина-Компани» ЖШС-ын мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл жөнінде «Қазталов ауылдық округі әкімі» мемлекеттік мекемесі сотқа жүгінген.

Істің мәнісі мынада. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 1623 шаршы метр өрнектас (брусчатка) сатып алуға өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 3 960 120 теңге баға ұсынысымен «Дина-Компани» ЖШС жеңімпаз болып танылған. Талапкер жауапкердің атына тауарды жеткізу мерзімі белгіленген келісім-шарт жобасын жолдаған, алайда жауапкер тауарды уақытында жеткізбеген, сонымен қатар жіберілген келісім-шартты мөрін соғып, қолтаңбасын қойып, талапкерге кері қайтармаған.

Соңғы жаңалықтар