БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
Фото: БҚО әкімдігі
ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Бибігүл Тишанқызы Қонысбаева БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бибігүл Тишанқызы 1975 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Орал қаласындағы еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген. Мамандығы – қаржы және несие.

Әр жылдары Шыңғырлау ауданының қаржы бөлімінде аға экономист, БҚО қаржы басқармасында I-II санаттағы экономист, аға, жетекші, бас маман, жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау және талдау бөлімінің бастығы, БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бюджет саясаты және жоспарлау бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2021 жылдан күні бүгінге дейін облыстық мәслихаттың хатшысы болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар