БҚО: Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерінің қылмысты есепке алмай, жасырғандығы анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Шыңғырлау ауданы прокуратурасы аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерінің қылмысты есепке алмай, жасырғандығын анықтады.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, азаматша Валитова ішінде 50 мың теңге мен заттары бар сөмкені Орал қаласындағы апасына танысы арқылы беріп жіберген. Бірақ сөмкені алған кезде ішінде ақшасы жоқ болып шыққан. Бұл жөнінде Валитова Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөліміне арыз берген. Алайда бөлім қызметкерлері Қылмыстық іс жүргізу кодексі 37-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес қылмыс құрамының болмауына байланысты деген желеумен қылмыстық іс қозғаудан заңсыз бас тартқан.

Аудан прокуратурасы ҚР ҚК 188-бабы 1-бһлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі өндіріс материалдарын аталмыш бөлімге жіберді. Сонымен қатар қылмысты есепке алуды жасыру фактісі бойынша аудандық ішкі істер бөлімі қызметкеріне қатысты материал ҚР ҚК 433-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеуді жүргізу үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментіне жолданды.

Соңғы жаңалықтар