БҚО шекараларындағы автоөткелдерде санитарлық талаптар күшейтілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес БҚО-да Ресеймен шекарадағы 4 автоөткелде карантиндік-санитарлық бекеттердің жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО тауарлар мен көрсетілетін тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, аталмыш автоөткелдерден жаяу өткен адамдардан ПТР әдісімен COVID-19-ға тестіден өткені жөнінде анықтамалар талап етілуде.
Өткен тәулікте «Сырым» автоөткелінен 222 жүк көлігі және қазақстандық үш азамат жаяу өткен. Жаяу жүргіншілердің қолында анықтамалары болған.
«Ақсай» бекетінен 8 жүк көлігі өтті, жаяу жүргіншілер жоқ.
«Тасқала» бекетінен 12 жүк көлігі, 8 жаяу адам өтті. Жаяу жүргіншілердің ешқайсысында да ПТР тест анықтамасы болмағандықтан, азаматтар Тасқала ауылындағы карантиндік стационарға жатқызылды. Олардан зертханаға сынама алынды.
«Жәнібек» бекетінен 3 жүк көлігі өткен, жаяу жүргіншілер болмады.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Жалпы, облыстағы эпидемиологиялық ахуал салыстырмалы түрде тұрақты. Өңірде осы кезге дейін коронавирус жұқпасымен 6872 адам тіркеліп, соның 6747-сі жазылып
шықты. 109 адам көз жұмды.
Өткен тәулікте екі адамнан коронавирус анықталды. Оның біреуі бұрын ауырған адаммен қарым-қатынаста болған.
Екіншісі ЖРВЖ белгілерімен өздігінен емханаға жүгінген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-мен көршілес Ресей облыстарында коронавирус көп тіркеліп отырғанын жазған болатынбыз.
- Елордада түнде істеген компьютер клубында 70-тен астам адам болған
- Ақпан айында Ақтөбеде 1 мың адам коронавирус вакцинасын қабылдайды
- Батыс Қазақстанда 2652 дана киік мүйізі тәркіленді
- COVID-19 жұқтыру қаупін профилактика және вакцина жүргізу арқылы азайтуға болады - алматылық профессор
-
Оралда тіркелмеген діни бірлестіктің заңсыз қызметі әшкереленді
-
Қазақстанға әуе рейсімен келген үш жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам