БҚО: Шалқар көлінде төрт адам құтқарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батысқазақстандық құтқарушылар Шалқар көлінде төрт адамды қатерден аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық ТЖД-ның жедел құтқару жасағынан келіп түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 тамыз күні орын алды.

Оқиға былайша өрбіген. Шалқар көліне демалуға келгендердің ішінен үш адам үрлемелі матрасқа мінген. Жел матрастағыларды жағалаудан 2 шақырымға дейін ұзатып алып кеткен. Оларды көріп, төртінші адам - жас жігіт арттарынан жүзіп шыққан. Алайда біраз жүзген ол шаршап қалып, оның өзіне көмек керек болған.

Көлде кезекшілік етіп жүрген жедел құтқару жасағы №5 құтқару бөлімшесінің құтқарушылары Темірболат Уахитов пен Олег Никифоров төрт адамды катерге отырғызып, жағаға алып шыққаннан кейін оларға қауіпсіздік ережесін түсіндірді. 

Соңғы жаңалықтар