БҚО: Полиция қызметкерінің ауыл тұрғынын ұрып-соққандығы анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, Зеленов ауданы Январцев ауылында қайғылы оқиға орын алып, 8 қаңтар күні полиция қызметкерінің үйінен ауыл тұрғынының мүрдесі табылған болатын.

Учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, полиция капитаны Эдуард Ғаббасов әуелі өз үйінің есігін біреу келіп, қаққан соң, әбден таяқ жеген ер адамды көргенін айтқан. Полицияға хабарлап, дәрігер әкелгенше, ол марқұм болып кеткен.

БҚО ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Берік Өтеулиннің айтуынша, ауылға жедел тергеу тобы барып, оқиғаның мән-жайын анықтады. Кейін айғақтардан құтыла алмаған Э.Ғаббасовтың өзі марқұмды ұрып-соққанын мойындады. Сөйтіп кісі өліміне соқтырған ауыр дене жарақатын келтірген. Марқұм, 1987 жылғы сол ауданның тұрғыны Александр Бегун Э.Ғаббасовтың шаруажайында жұмыс жасап, нәпақа тауып жүрген.

Айта кетейік, Э.Ғаббасов ішкі істер саласына 1993 жылы келген. Орал қаласында жұмыс жасаған, ата-анасы Зеленов ауданында тұрғандықтан, сонда ауысқан, мінезі қызуқанды көрінеді.

Қазіргі кезде тергеу амалдарына қоса қызметтік тексеру жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар