БҚО орыс драма театрының 162-маусымы жаңа премьерамен ашылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрының 162-маусымы жаңа премьерамен ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус індетіне байланысты үзілістен кейін театр ұжымы Отфрид Пройслердің «Кішкентай Мыстан кемпірін» («Маленькая Баба-Яга») сахналады.

Спектакльді қойған режиссер Руслан Джумахметов.

«Кішкентай Мыстан кемпір» ертегісі балалар, сондай-ақ ересектер үшін де тартымды. Спектакль сахналық көркемделуі мен компьютерлік жарықтандырылуымен ерекшеленеді.

Бас режиссер Оксана Малушаның айтуынша, «Кішкентай Мыстан кемпір» театрдың тұрақты репертуарына енетін болады.


Сонымен қатар көрермендер Николай Гогольдің «Үйлену» («Женитьба») комедиясын (режиссері О.Малуша) да қызыға тамашалады. Шығарма осыдан екі ғасырдай бұрын жазылса да, маңыздылығын жойған жоқ.

Жаңа маусымның ашылуы кезінде театр ардагері, ҚР мәдениет қайраткері, труппа меңгерушісі Илья Тарановқа 55 жасқа толуына орай құрмет көрсетілді.


«Театрда барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып отыр, көрермендер саны 50-ден аспайды. Спектакльдер сенбі және жексенбі күндері қойылады. Қазіргі таңда театр Жеңістің 75 жылдығына орай Виктор Розовтың «Мәңгі тірі» («Вечно живые») шығармасы бойынша жаңа қойылымды әзірлеуде», деді Оксана Малуша.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО театрында «Жұбан» спектаклінің қойылғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар